25.07.2016, 17:20
Оқылды: 34

«Намыс» кубогі Оянда!

«Намыс» кубогі Оянда! Жақында «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ауыспалы кубогі үшін жастар арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі I орынға Оян ауылының құрама командасы, ал II орынға Тасқала командасы ие болды. III орын Ақтау ауылының құрама командасына бұйырды. Жеңімпаздарға алғысхат пен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жарыс барысында Ильяс Табылдиев «Ең үздік шабуылшы» номинациясымен және Жақия Аққалиев «Ең үздік қорғаушы», Серік Каримов «Ең үздік байланыстырушы» номинацияларымен марапатталды.«Намыс» кубогі Оянда!2

Г.Молдашева,
 «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің  төрайымы
Тасқала ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале