27.10.2016, 15:24
Оқылды: 31

Нар тұлғаның аты ұмытылмайды

_dsc0006Зеленов аудандық орталық балалар кітапханасында Социалисттік Еңбек Ері, аудан дамуына сүбелі үлес қосқан азамат Вардан Шноркович Чамчиянның 100 жылдығына арналған «Имя в биографии моей земли» атты кеш ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі Зәуреш Ғабдулиева өткізген шараға аудан орталығындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты.

Шара барысында Зәуреш Шайдолқызы жиналғандарды Вардан Шнорковичтің өмірімен таныстырып, оның замандастарының естеліктерін оқып берді.

Кеш қонақтары аудан дамуына үлкен үлес қосқан азаматқа арналған кітап көрмесі тамашалап, өздерін қызықтырған сұрақтарын да қойды.

Қызықты өткен кеш арда азаматқа арнаған Эдуард Асадовтың «Идут по планете хорошие люди» өлеңімен қорытындыланды. Бұдан бөлек шараның өтуіне өзіндік үлесін қосқан Переметный мектебінің ұстазы Светлана Кунцқа кітапхана қызметкерлері атынан алғыс хат табысталды.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале