9.09.2016, 14:14
Оқылды: 31

Наубайхана ашылмақ

dsc_0338Зеленов ауданы, Зеленый ауылында жуырда ғана жаңадан азық-түлік сататын «Николь» дүкені халыққа өз есігін айқара ашты. Дүкенді толықтай аяқтау үшін жеке кәсіпкер Николай Акимов биыл «Жұмыспен қамту -2020» жол картасы бағдарламасы арқылы 3 млн. теңгеге қол жеткізген.

-Дүкеннің құрылысын 2010 жылы бастап едік. Алайда қаражатымыз жеткіліксіз болып, құрылыс жұмысы біраз уақыт тұрып қалды. Осы жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы несие рәсімдеп жұмысымызды қайта жаңғырттық. Қазіргі кезде дүкен жанынан наубайхана ашқалы жатырмыз. Әзірге ішкі жұмыстары біте қоймады. Бұйырса, екі-үш айда іске қосамыз деп жоспарлаудамыз. Болашақта кәсібімізді кеңейтіп кафенің ірге тасын қалау да ойымызда бар, - дейді кәсіпкердің жұбайы Наталья Акимова.

Қазіргі кезде кәсіпкер екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

Динара Насыр

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале