9.09.2016, 10:47
Оқылды: 63

Нашақорлық – жастардың қас жауы

%d0%bd%d0%b0%d1%88%d0%b0%d0%ba%d0%be%d1%80%d0%bb%d1%8b%d0%ba-%d0%b6%d0%b0%d1%83Қаратөбе ауданында БҚО ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы шараларды өткізу жоспарына сай «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Әлеуметтік жоба кординаторы Менболат Нұрболатұлы төрағалық еткен жиынға облыстан келген арнайы мамандар, бірқатар мекеме басшылары, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері, Қаратөбе колледжінің студенттері қатысты.

Жиында алғашқы сөз кезегін алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов аудан жастарымен жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған БҚО ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы Ғайнел Қайнеденов нашақорлыққа байланысты тіркелген қылмыстар турасында айтса, облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігері Аида Себепова есірткіге тәуелді болудың зардабына тоқталды.

Аталған жиында нашақорлықтың ауыр салдары, есірткіге тәуелді жастардың статистикасы жөніндегі бейнебаяндар көрсетіліп, дөңгелек үстелге қатысушы жастар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған сауалдарына мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале