31.10.2016, 11:15
Оқылды: 19

Нағыз қайсар – біздің Қайсар

%d0%ba%d0%b0%d0%b9%d1%81%d0%b0%d1%8012015-2016 оқу жылы «Жылдың қосымша білім беру ұйымы» байқауында облыста І орынды иеленген Ақжайық аудандық балалар шығармашылық орталығы мерекелі жылғы өз жетістіктерінің қоржынын толықтыра түсті. Орал қаласында қосымша білім беру және тәрбиелеу практикасының мазмұнын жаңарту, педагогтың кәсіби шеберлігін және еңбегінің беделін арттыру, баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық идеяларды ізденуіне ықпал ету мақсатында «Жылдың таңдаулы қосымша білім беру педагогы» атты облыстық байқауында аудан намысын қорғаған балалар шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы, «Көркемсурет» үйірмесінің жетекшісі Қайсар Сисенғазиев І орынды иеленіп, зор олжаға кенелді. 11 аудан және Орал қаласының қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары үшін айтулы сынақ болған бұл шарада «Менің білім беру бағдарламам» атты оқу-тәрбие жұмысының бағдарламасы, панорамалық сабағы «Менің педагогикалық сенімім» атты тұсаукесері, жоғары бағаланды.

Былтырғы облыстық «Дала дарындары» жастар шығармашылық фистивалінде «Бейнелеу жанры» бойынша І дәрежелі дипломды, аудан бойынша «Жыл үздігі» аталымын еншілеген Қайсар Талапұлы бүгінде қараша айында Астана қаласында өтетін «Шабыт» Халықаралық байқауына әзірлік үстінде.

Бекем Бекұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале