7.10.2016, 14:34
Оқылды: 15

Нақты түсіндіру-нақты көрсеткіштер кепілі

img_1856Өткен жылдың 6 мамырында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Ұлт жоспары- бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы туралы  бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарламаның 80 қадамы- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, сондай-ақ, 84 қадамы- әлеуметтік көмекті, оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыруға бағытталған болатын. Осы мәселелер және алдағы уақыт талабына сәйкес қолға алынып отырған Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің көпдеңгейлі моделін дамыту тұрғысында халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу бүгінгі күн тәртібінде тұр. Осы орайда ауданымыздың Ащысай ауылдық округі мен аудан орталығында тұрғындармен кездесулер өтіп, аталған мәселені түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Ащысай ауылында өткен осындай кездесуге аудан әкімі Альберт Есалиев, БҚО статистика департаменті басшысының орынбасары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу жөніндегі өңірлік штабтың мүшесі Аманжан Жұманов қатысты.

Кездесуде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Сұлтанов халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және әлеуметтік көмек көрсетудің жүйесін жаңғырту бағытында, аудандық әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы бөлімінің басшысы Б. Наурызәлиев халықты зейнетақылық қамсыздандыру туралы және аудандық орталық аурухана директоры Қ.Жазықбаев міндетті медициналық сақтандырудың тиімділігі, артықшылықтары туралы түсіндіріп, баяндама жасады.

Ауыл тұрғындары жиын барысындағы кейбір білгісі келетін жағдаяттар туралы сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Аудан әкімі А.Есалиев мұндай түсінік жұмыстарының барлық ауылдық округтерде өтетінін хабарлады.

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале