3.08.2016, 17:21
Оқылды: 35

Нептун мерекесін тойлады

Теректі ауданы Федоров ауылындағы «Ақжелкен» балалар бақшасы дәстүрге айналған Нептун мерекесін атап өтті.

Ежелгі мифологиялық жазбаларда Нептун есімін сумен байланыстырады. Сондықтан бұл мерекені тойлағанда адамдар суға түсіп, әр түрлі көріністер қойып, ойындар ойнап өткізеді.Нептун

Аталмыш балабақша ұжымы бұл мерекені жоғары деңгейде тойлап, бүлдіршіндерге өте жақсы көңіл-күй сыйлады. «Жұлдыз», «Күншуақ», «Көк жиек», «Шағала» және «Ақ толқын» топтарының тәрбиеленушілері жұмбақтарға жауап беріп, түрлі ойындарда белсенділік танытты. «Ақжелкеннің» тәрбиешілері С.Махмудова, Ш.Исмағамбетова, С.Момынова, А.Серікқызы әртістік шеберліктерін көрсетіп, бірі Нептун мен Су ханшайымы бейнесін сомдаса, бірі тасбақа  рөліне еркін кіріп, балаларға ұмытылмастай әсер қалдырды.

 

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале