16.11.2016, 12:31
Оқылды: 16

Нумизматпен жүздесу

%d0%bd%d1%83%d0%bc%d0%b8%d0%b7%d0%bc%d0%b0%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0           Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  валютасының  туған  күніне  орай Дариян  ауылында   орталықтандырылған  балалар  модульды  кітапханасының  меңгерушісі  Лилия Саманюк пен кітапханашы Лиана Макеевалардың  ұйымдастыруларымен жерлесіміз, танымал дәрігер, нумезмат, өлкетанушы  Николай  Павлович Пальговпен  кездесу  өткізілді.


 

Кешке Дарьинск ЖОББМ-нің  ұстаздары  мен  10  сынып  оқушылары қатысты.

Басқосуды ашып  жүргізген Л.Саманюк  шараға  келгендерді  ұлттық теңге күнімен құттықтап, төл теңгеміздің  шығу  тарихы  жөнінде бейнеролик ұсынды. Әрі қарай  сөз алған жерлесіміз Н.Пальгов:

– Теңгеміз – экономиканың басқару құралы. Сондықтан да ол туралы сөз қозғағанда, халықтың басынан өткен жағдайы, тұрмыс деңгейі. Ал теңгенің өмірге келуі тарихи оқиға.

Менің нумизматикамен айналысуға қызығушылығым алғаш рет оқушылық кезде пайда болды. Содан кейін  араға көп жылдар  салып  қайтадан жалғастырдым. Яғни, хоббиым  десем де болады. Ескі  нұсқаларды сатып алып,жинай бастадым. Жылдар өте келе жаңадан  коллекцияларды жинап, альбом   жасап, ұлттық банктен  шығатын  кітаптарды  алып  пайдаланатын болдым. Ал археологтар  ең ежелгі ақша белгілерін Отырар,

Тараз, Түркістан, Баласағұн және Қазақстанның тағы басқа да қалаларын қазу барысында тапқан. Демек,біздің тарихымыз үшін теңге атауы-төл дүние,- деді. Мәнді де мазмұнды   әңгімесімен  бөлісіп, теңге  деген атауға қандай тоқтам жасалды, теңгенің дизайндары   жайында   кеңінен тоқталды. Басқа  елдердің  қолданыстағы ақшалары  туралы да  мәлімет берді. Кездесу соңында  әңгімеге қанық болған мектеп  оқушылары   өздерінің  сауалдарын  қойып, біраз  қажетті  деректер алды.

Гүлжан  Серікқызы

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале