16.11.2016, 11:05
Оқылды: 12

Нәзік жандылар арасындағы чемпионат

%d0%bd%d3%99%d0%b7%d1%96%d0%ba-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d1%87%d0%b5%d0%bc%d0%bf%d0%b8%d0%be%d0%bd%d0%b0%d1%82   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында волейболдан әйелдер мен қыздар арасында аудандық чемпионат оздырылып, оған Жәнібек аудандық мекеме-ұйымдар мен Жәнібек, Ұзынкөл, Күйгенкөл, Борсы ауылдық округтерінің командалары қатысты. Жарыс алдында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов спорттық бәсекеге қатысушы командаларға сәттілік тіледі.


   Мұнан соң волейболшылар жеребе бойынша екі топқа бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Өз топтарынан үздік шыққандар жүлделі орындар үшін кездесулер өткізді. Жарыс қорытындысында, Жәнібек ауылы, №1 мектеп және аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының командалары тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындарды иемденіп, медаль және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік шабуылшы», «Тамаша ойын өрнегін көрсеткені үшін» аталымдары бойынша сәйкесінше Гаухар Каюпова (аудандық МТЖО), Амангүл Шамелова (Күйгенкөл ауылы), Бибігүл Сағындықова (Күйгенкөл ауылы), Назерке Сағынғалиева (Жәнібек ауылы) және Нелли Кенжинаға (№1 мектеп) дипломдар табыс етілді.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале