19.07.2016, 15:50
Оқылды: 37

Облыстық мәслихат депутаты зеленовтықтармен кездесті

????????????????????????????????????

Облыстық мәслихат депутаты Мұрат Жәкібаев Зеленов ауданы халқымен кездесу өткізді. Кездесуге қоғамдық келісім кеңесі, ардагерлер кеңесі, жастар қоғамдық ұйымының төрағалары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.


 

Жиын басында «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров ауданда атқарылып жатырған жұмыстар жайында мағлұмат берді.

Кездесуде сөз алған зейнеткер Жігер Меңешұлы газ құбырларына техникалық қызмет көрсету құнының шарықтап тұрғандығы мен қызмет көрсету ісі бәсекелестік ортаға тасталғанымен оны белгілі бір тұлғалар алып, өздерінің шарттарын қоятындығын, онымен келіспеген жағдайда жылыту маусымы кезінде жылуларыңызды кесеміз деп қорқытатынын, ал жауапты мекеме басшылығы арыздарға құлақ аспайтындығы жайындағы мәселені көтерді. Аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Әсел Қартқожақова бруцеллезге шалдығып, көзі жойылған малға берілетін қаржының екі жылдан бері төленбей отырғандығын айтты.

????????????????????????????????????

Сондай-ақ кездесу барысында Мүгілсім Нұржанова аудан орталығындағы Мұхтар Әуезов көшесінің шеткері жақтары күз бен көктем айларында лайсаңға айналатындығы мен көшені кесіп өтетін жыра суға толып, қатынас қиындайтынын, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов жастарға берілетін көтерме қаржы мен үй алуға берілер несиенің лек-легімен келіп жатырған мамандарға аздық етіп тұрғандығын көтерді.

Барлық сұрақтарды мұқият тыңдаған Мұрат Орынбайұлы  ешбір мәселе ескерусіз қалмайтындығын айтып, алдағы уақытта халық көкейіндегі сұрақтарды керекті органдарға жеткізетіндігін тілге тиек етті.

Жиыннан соң азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаған халық қалаулысы мен тұрғындар арсындағы байланыс нық орнап, аталған мәселелер оң шешімін табады деп сенеміз.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале