24.08.2016, 11:53
Оқылды: 51

Облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес

медСақтандыру      Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Ақжайық және Жаңақала аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлері, ауылдық округтер әкімдері, бірсыпыра мекеме жетекшілері, дәрігерлік амбулатория меңгерушілері, медицина мекемелерінің басқа да қызметкерлері  үшін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Бұл шара Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 29 шілдедегі «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру жөніндегі өңірлік штабтың (Үйлестіру кеңесінің) құрамын және ережесін бекіту туралы» өкімі шеңберінде және БҚО бойынша 2016 жылдың тамыз – қараша айларына «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға жаңа енгізілімдер туралы» түсіндіру жөніндегі ұйымдастыру мәселелері бойынша бекіткен жоспарына сәйкес өткізілді.

         Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Күнсұлу Ниярова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әкелгелі отырған жаңалықтар, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысының орынбасары Жеңіс Беріков әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамаға жаңа енгізулер, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік әріптестікті үйлестіру бөлімінің басшысы Қайырғали Надырғалиев атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде тың идеология, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру. Аталмыш басқарманың халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мүнара Қапышева «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру және бағдарлама бойынша нысаналы топтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатыстырылуы жайында баяндамалар жасады.

 

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале