22.08.2016, 16:35
Оқылды: 15

Олжалы оралды

Спорт күніне орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Рио-де-Жанейро қаласында өтіпкол куреси
жатқан жазғы олимпиада ойындарына қатысушы Қазақстан құрама командасына қолдау көрсету мақсатында қол күресінен  1998 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер мен ересектер арасында Жаңақала ауданының ашық біріншілігіне ауданымыздың спортшылары қатысты.


Аталмыш сайысқа Орал қаласынан және Бөрлі, Жәнібек, Қаратөбе, Жаңақала аудандарының жас спортшылары қатысып, бақтарын сынады. 60-қа тарта қара күш иелері қатысқан жарыс өте тартысты өтті.

Ашық біріншілік қорытындысында жерлестеріміз 55 келі салмақта Айбек Қайыров ІІ орын, 60 келі салмақ дәрежесінде  Ерасыл Алтаев, Наурызғали Ғалымжанов ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Қаратөбе ауданының намысын қорғай барған «Қаратөбе» спорт клубының Қоскөл ауылдық округіндегі әдіскері Наурызғали Ғалымжанов шәкірттерін бастап барған болатын.

 

 Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале