3.08.2016, 8:43
Оқылды: 39

Опера әншісі Дина Хамзинаны Қабылдады

2 тамыз күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Жалпақтал өңірінде кіндік қаны тамған, әлемге әйгілі опера әншісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Дина Мерекеқызы Хамзинаны қабылдады.Дина Хамзина

Жүздесу барысында ауылымыздың мәдениет қызметкерлері мен ардагерлері жерлесіміз Дина Мерекеқызына өздерінің жүрек жарды изгі тілектерін жеткізсе, округ әкімі С.Ақмурзин барша ауылдастар атынан тілегін білдіріп, «ЖАЛПАҚТАЛ» атты кітапты естелікке сыйға тартты.

 

Гауһар ӘДІЛЖАН

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале