31.10.2016, 18:32
Оқылды: 37

Орда – өнерлілер өлкесі

%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0-%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%bb%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d3%a9%d0%bb%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96   Орал қаласында өткен балалар шығармашылығына арналған республикалық «Дала дарындары» байқауынан бөкейлік балғындардың қанжығасы майланып,  бұл жолы да  өнер  бәйгесінен мол олжамен оралды.

  Шашасына шаң жұқтырмай жүрген хор ұжымы бас жүлдені жеңіп алса, фортепиано аталымы бойынша әр деңгейдегі байқауларда топ жарып жүрген ағайынды Сезім, Айым Хамидоллалар (жетекшісі С.Рахымжанова) ІІ-ІІІ орындарды еншіледі.


   Сондай-ақ, қазақтың қара домбырасының күйін келтіріп, үлкен жүлделердің иегері, дарынды қыз Фариза Ғабділманнапова бас жүлдені еншілесе, Әміржан Бақытжанға (жет. А.Зайноллин) І орын бұйырды. Қорқыт бабаның аңыраған қобызымен тыңдарманның құлақ құрышын қандырған  Зуһра Дүйсенғалиеваның шәкірттері Рада Манасова мен Зарина Сүлеймен және қобызшылар ансамблі (Динара Кереева, Жансая Әміржан, Әсем Таубаева, Эмилия Нұрғалиева) ІІ орыннан көрінсе, саралжындық Эльмира Жапаеваның оқушысы Гүлпара Табылдиева да ІІ орынға лайық деп танылды. Көркемсөз оқу шебері Дильназ Жасқайратованың (жет. Г.Махмудова) да ІІ орынға қол жеткізді.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале