16.11.2016, 11:25
Оқылды: 53

Отбасының ұйытқысы – әйел-аналар

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданында аудандық «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – тіршіліктің тірегі» атты аудан әйелдерінің ІІ форумы оздырылды.

Аудандық «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиқызы жүргізген Форум жұмысы 3 секциядан тұрды.


Айтулы шараның бірінші секциясы бойынша спикерлер қошеметпен ортаға шақырылды.

Форум барысында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты дамыту жөніндегі комиссия хатшысы Жанар Жұмағазиева, ардагер ұстаз Сәния Тынымжанова сөз сөйлеп, отбасының қоғамдағы маңыздылығы, оның құндылықтарын насихаттау, жанұяның берекесі мен бірлігінің сақталуы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, оның ішінде әйел-ананың ұрпақ тәрбиесіндегі айырықша рөлі, гендерлік саясатты қолдау т.б. мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Форум жұмысының екінші секциясына сәйкес гендерлік теңдікті, неке және отбасы құндылықтарын сақтау, оның беделін арттыру, адамгершілік құндылықтарды жастардың бойына сіңіру бағытындағы отбасының рөлі турасында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдардамалар бөлімінің Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ганди Шамкелова, Батыс Қазақстан облысы «Заман» өндірушілер қауымдастығының төрайымы Айгүл Туркина, Қаратөбе аудандық аналар кеңесінің төрайымы, аудандық мемлекеттік мұрағат мекемесінің директоры Нұрзия Соқатова елде атқаралып жатырған көптеген жұмыстардан деректер келтіре отырып, неке және отбасы, адамгершілік құндылықтары мен отбасындағы тәрбие жұмыстары туралы әңгімеледі.

Отбасының қарым-қатынасы, мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяны қалыптастыру бағытындағы 3 секция бойынша Айгүл Туркина, Сағима Далабаева, аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев және т.б. ой бөлісіп, «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиқызының игі істеріне өз ризашылықтарын айтты.

Форум барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты дамыту жөніндегі комиссия хатшысы Жанар Жұмағазиева әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру бағытында ауданда белсенді қызмет атқарған «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Беріқалиқызы және Сулыкөл, Қоскөл ауылдық округі әйелдер кеңестерінің жетекшілері Нәбат Ақымғалиқызы мен Рәзия Кенжеғалиеваға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы – «ӘТВЕО» департмаенті Қаратөбе аудандық бөлімше басшысы Сағима Далабаеваға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың алғыс хатын табыс етті.

Қоғамдық бірлестік жұмысына белсене араласып жүрген қаратөбеліктер Сақыпжамал Қазиева, Сәния Төлегенова, Рысты Тойшыбаева, Гүлнәр Мұсаева алғыс хатпен марапатталды.

Айта кету керек, Форум аясында ауылдық округтер қыз-келіншектерінің қолөнері мен дастарқан мәзірінен көрме ұйымдастырылды.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале