1.11.2016, 12:43
Оқылды: 151

Отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді

%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%bd%d0%b5%d1%82-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81-%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d1%96          Жәнібек аудандық орталық аурухана жанында отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді. Аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері жүктілікті жоспарлап жүрген әйел адамдар, ал дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері жүкті әйелдер келіп кеңес алады. Отбасын жоспарлаушы және жүкті әйелдерге кеңес алуға жұбайымен бірге келуіне де болады. Оларды маман дәрігерлер жіберіп отырады. Күніне  орташа есеппен 7-8 адам келеді. Оларға кабинетте кеңес беріліп, сұрақтарына жауап алады. Бейнебаяндар көрсетіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылады.


         Осындай отбасын жоспарлау кабинеттері сегіз ауылдық округте де жұмыс жасайды. Онда акушер мамандар әйелдерге кеңес береді.

        Сонымен қатар жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ғана емес, 9, 10, 11- сыныпта оқитын қыздарға, колледж студенттеріне аурухананың акушер-гинеколог дәрігері Айзада Асқарқызының және психолог Лаида Нұрсыйыққызының қатысуымен дәрістер оқылады. Онда қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек, жеке бас гигиенасын қалай ұстану керектігі және дұрыс тамақтану туралы айтылады. Сол сияқты түрлі бейнероликтер мен шағын фильмдер көрсетіледі.

А.Құсайынов

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале