20.07.2016, 12:28
Оқылды: 31

Оқу-жаттығу жұмыстары оздырылды

Оқу-жаттығу жұмыстары оздырылды1Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысандық құрамаларының дайындықтарын пысықтау мақсатында 13-15 шілде аралығында Бөкей ордасында аудандық оқу-жаттығу шаралары оздырылды.


Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің әскери-жұмылдыру жұмыстары тобының кешенді жаттығулар өткізу штабы басшысы, подполковник Сергей Волохов, департаменттің аға офицері, подполковник Талғат  Сейсенғалиев пен маманы Сергей  Сценцеренко қатысты.

Оқу-жаттығу жұмыстары оздырылдыШара барысында аудандық азаматтық қорғаныс штабында  құрама жетекшілеріне оқу-жаттығу жоспары таныстырылып, арнайы алаңда олардың саптық әзірліктері тексерілді.

Оқу-жаттығу жоспарында белгіленген аудандық демалыс орталығындағы және даладағы «өрт» ауыздықталып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілді. «Үзілген электр желісі» де шұғыл қалыпқа келтіріліп, малынан ауру білінген тұрғынның хабары бойынша да тиісті шаралар алынды.

К.ҒАЙСИН

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале