4.11.2016, 11:13
Оқылды: 104

«Оқы да, биіктен көрін!»

        %d0%be%d2%9b%d1%8b%d0%b4%d0%b0-%d0%b1%d0%b8%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d1%96%d0%bd Дәл осындай тақырыппен Тасқала аудандық кітапханада қарымды қаламгер Ә.Нұршайықовтың шығармаларына арналған бибилио-жобасы аясында  іс-шара өтіп, оған кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шарада шоқтығы биік жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» атты шығармасына аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары М.Жұмағалиев пен З.Шайхина көрініс қойып, жиылған жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ әрбір ауылдық округ пен аудандық кітапхана қызметкерлерінің осы күнге дейін библио-жобасы аясында атқарған іс-шаралы жөнінде слайд көрсетілді.

Шара барысында оқырман қауым заңғар жазушы туралы да өз ойларын ортаға салып, кітап көрмесімен де танысты. Шара соңында  кітапханаға оқырман тарту үшін ерінбей еңбек етіп,  аянбай тер төккен бірқатар кітапхана қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.

Е.Елекенов

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале