8.11.2016, 12:40
Оқылды: 23

Оң өзгерістер хақында ой қозғады

%d0%be%d2%a3-%d3%a9%d0%b7%d0%b3%d0%b5%d1%80%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%85%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d0%be%d0%b9-%d2%9b%d0%be%d0%b7%d2%93%d0%b0%d0%b4%d1%8b           Жәнібек ауданының Тау ауылындағы кітапханада кітапханашы Шолпан Қошетованың ұйытқы болуымен  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел - Қазақстан» атты дөңгелек үстел оздырылып, оған ауылдағы зиялы қауым өкілдері, жастар мен мектеп оқушылары қатысты. Басқосуда Тәуелсіздік жылдарында елімізде, соның ішінде аудан аумағында жүзеге асқан игі істер жайында Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Раушан Жұмабаева, Ғ.Абдуллин атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсет Қаратаев, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Зульфия Оразова, Тау ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлібек Сүйінішев, Тау ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Аслан Есенов, Ғ.Абдуллин атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Сұлушаш Жұмабаева, Тау ауылдық округінің қоғамдық кеңес төрағасы Төлебай Әзбергенов, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мақсат Жаналиев  өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелге аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ахмедияр Батырханов қатысып, сөз сөйлеп, Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде Тәуелсіздік алғаннан бергі қол жеткен оң өзгерістерді, сондай-ақ 25 жыл ішінде аудан көлемінде салынып, пайдалануға берілген мәдени-әлеуметтік нысандар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып жатырған жастар хақында сындарлы әңгімелер қозғап, тұшымды пікірін айтты.

 

                                                                         Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале