2.08.2016, 18:02
Оқылды: 52

«Пай, пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай»

IMG_9339   «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақылсөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр. Әрбір жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы – берекесі, мейір-шапағат көзі – әйелге, жас келіндерге байланысты.


   Өткен аптада Сырым ауданындағы «Демалыс орталығы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Бұлан ауылында «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай» аудандық жас келіндер байқауы оздырылды.

  Байқауды өткізудегі негізгі мақсат - жастарды ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен әдептілік, ізеттілік пен сыпайылық, еркелік пен ұстамдылық, инабаттылық секілді асыл қасиеттерді насихаттау, ақылды да көрікті, үлгілі келінді елге таныстыру.

  Төрт кезеңді қамтыған аудандық байқауда барлығы 11 келін бақтарын сынады.

  Байқау қорытындысы бойынша Талдыбұлақтық Гүлбақыт Майтанова - «Инабатты ару», Іңкәр Мұхамбет - «Өнерпаз ару», Жетікөлдік Малшыбайын Ақнұр - «Парасатты ару», Алғабастық Нұрсәуле Қайнешова - «Ақылына көркі сай» аталымдарымен марапатталды. Жүлделі ІІІ орынмен Жамбылдық ару Жадыра Ерсайынова марапатталса, ІІ орынды Бұлдыртылық Мира Несіпқалиева иеленді. І орынды Қособалық Айдана Иманғалиева қанжығасына байласа, Бас жүлде Талдыбұлақтық Асылай Абуғалиеваға бұйырды.

  Расында, «Пай, пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай» деп өзгелер сүйсініп, таңдана таңдай қағатындай келіндер көбейе берсе, нұр үстіне нұр болар еді.

www.zhaikpress.kz

Үміт Жәңгірова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале