31.08.2016, 18:18
Оқылды: 21

Партия жұмысы жандануда

Нұр Отан фотоСәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалығымен жиын өтіп, оған аталмыш партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Жиынның  күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар: «Үздік бастауыш партия ұйымы»  республикалық байқауын аудандық кезеңін ұйымдастыру және  партия ұйымдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс жасауы жөнінде болды.

Д.Ғазез өз сөзінде құркүйекте үздік бастауыш партия ұйымына байқау жарияланатындығын айтып өтіп, оған осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың  нәтижесін көрсету қажет екенін атады.  Сондай-ақ бастауыш партия ұйымы жұмысын одан әрі жандандыру керек екенін де жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале