12.11.2016, 16:24
Оқылды: 34

Приречныйда бөгет жөнделді

screenshot_2016-11-13-10-29-56-11990 жылдары су шайып кеткен бөгет Приречный ауылының тұрғындарының алаңдауына себепкер болған еді. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 1 млн. 750 мың теңге қаражат бөлініп, су бөгетіне жөндеу жасалынды.


Бұл жөнінде бізге округ әкімі Махмұт Жұмағалиев баяндады. Көп уақыттан бері жөнделмей, жуық арада қайта бой түзеген бөгетті көріп, ауыл халқы риза. Халықтың ақ батасын алу – кім-кімге де болсын сауапты іс. Ендеше, ауылдағы жақсылықтардың басы осы болсын дейік!

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале