9.11.2016, 19:00
Оқылды: 38

«Процессуалдық келісім»

ZH-350x350Аудандық прокуратураның ғимаратында «Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі №4 нормативтік қаулысын» кеңінен түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтіп, оған аудан прокуроры Н.Байменов, сот төрайымы Г.Сағитова, ішкі істер бөлімінің басшысы А.Алдабергенов қатысты.


 Алдымен аудан прокуратурасының прокуроры Н.Саматовтың баяндамасы тыңдалып, жаңадан қолданысқа енгізілген «Процессуалдық келісім» институтының негізгі бағыттары айтылды. Тарқатып айтсақ, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы бұл процестік келісім жасасудың негізгі мақсаты – қылмыстарды жылдам және толық ашу, тергеп-тексеру және өзге де қылмыстық процесс міндеттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, кінәсіздік презумпциясы және қылмыстық процестің басқа да негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, жасалған келісімге сәйкес соттың сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруі және істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылауын жүзеге асыруы жолымен шұғыл орындау.

Семинарды қорытындылаған  аудан прокуроры Нартай Елібайұлы аталмыш келісім онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа, не олардың жиынтығы бойынша ауыр қылмыстарға ғана қолданылуы мүмкін екендігіне тоқталып, қатысушылардың сауалдарына да жауап берді.

Н.Саматұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале