8.11.2016, 10:57
Оқылды: 25

«Радугадан» тараған нұр

%d1%80%d0%b0%d0%b4%d1%83%d0%b3%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d2%b1%d1%80        Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Радуга» славян мәдени орталығының өмірге келгеніне 4 жыл болды. Осы датаға орай үлкен жүздесу ұйымдастырылды. Радугалықтарды, барлық жиналғандарды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады.

Жұртымыздың басты байлығы – бірлікті ұлықтап, ынтымақ пен татулықты әспеттеу жөнінде радугалықтардың ісі облысымызға мәлім. Оның мүшелерінің арасында балғын жастан бастап, еңкейген кәріге дейін бар. «Бірліктің барар жері – Мәңгілік Ел», «Қазақ жерінен бақыт тапқандар», «Ырыс алды – ынтымақ», «Еңбек – бәрін жеңбек», «Қоғам табысының негізі – қазақстандық патриотизм» атты тақырыптармен олар бүгінге дейін 5 ауданда және Орал қаласында бірнеше рет сапармен болды. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен жас ұрпақтың жігері ұлттық ынтымаққа ұласуын бұл орталық мүшелері іспен дәлелдеп келеді. «Қазақстан – 2050» Стратегиясына сай, этносаралық қатынастар жөніндегі мемлекеттік саясатты ҚХА-ның жүзеге асыруын олар жан-жақты насихаттап келеді. Орталық белсенділері шеттегі ауылдарға дейін, маңдайалды шаруалар, кәсіпкерлер арасында жиі болып, олардың еңбектегі жетістіктерін жастарға өнеге етіп отырады.

Радугалықтар шетінен өнерлі, көркемөнерпаздары жуырда патриоттық әндердің облыстық конкурсында ІІІ орын иеленді. Хордың да, жекелеген орындаушылардың да репертуарында ұлт-ұлыстардың ән-саздары жетіп жатыр.

Бұл жолғы жүздесулері аудан орталығының тарихы басты тақырып болды. Жиналғандар олардың арасы жастардың қарасы да мол болды, орталық жетекшісі, байырғы ұстаз Валентина Боричевская, еңбек ардагері, инженер-құрылысшы, мелиоратор Николай Белоножкин, көп жыл тарихи-өлкетану мұражайын басқарған Әсия Оразбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Альмира Мушағалиева, орталық белсендісі Иван Еремин, басқа да аға ұрпақ өкілдерінің Чапаев ауылының бай шежіресі, оның өсіп-өркендеуіне зор қолтаңба қосқан еңбек шамшырақтары, әр көше, құрылысты, ескерткішті аялап ұстау туралы әңгімелерін ықыласпен тыңдады. Көпшілік уақыт қойнауынан жеткен тұрмыс заттары молынан қамтылған орталық мұражайын қызыға тамашалады.

«Радуганың» «Шуақты үй» атты қолөнер және ісмерлік үйірмесі де аудан жастарына жақсы мәлім. Осыннан аталған шеберліктің әліппесінен үйренген жастар аз емес. Алуан жіптен, тұрмыс қалдықтарынан жасалған небір дүние көздің жауын алады.

Бекем Бекұлы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале