7.09.2016, 20:13
Оқылды: 30

Руханият ордасындағы сағат тілі

Корме сагатҚаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мақсаты оқырмандардың шығармашылық қабілетін нығайту, оларды қоғам жаңалықтарынан тыс қалдырмау болып табылады.


Аудандық кітапхана руханият ордасының кіре берісіндегі көзге түсетін орынға Астана қаласында өтетін «ЕХРО-2017» көрмесін мақтаныш ретінде елге деген сүйішпеншілігін ояту бағытында кітаптардан сағат тілімен көрме жасақтады.

Жалпы, сағат жылды, айды, күнді білдіреді.

Қазақстандағы ірі жобалардың бірі «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне қосқан кітапхананың үлесін оқырмандар жақсылыққа балайды.

Осы орайда аудандық орталықтандырылған кітапхана қордағы әдебиеттерді кеңінен насихаттау мақсатында кітапханада сағат тілімен көрме ұйымдастырып отыр.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале