22.08.2016, 20:31
Оқылды: 48

Сайхын кәсіпкерлігі даму үстінде

Облыс əкімі Алтай Көлгінов Бөкей ордасы ауданының орталығы - Сайхын ауылында бірнеше кəсіпкерлік АкимОрданысанында болды. "Аймақтық индустриаландыру картасына" енген сүт өнімдері цехын "Санди" ЖШС-ның басшысы Бибигүл Жұмағұлова 20 млн. теңгеге ашқан. Оның 9 млн. теңгесін "Өндіріс - 2" несиелік бағдарламасы арқылы үкіметтен алған. Цехтағы сүт өңдейтін жабдықтың жұмысын ресейлік маман түсіндірді. Бибігүл Жұмағұлова цех толық қуатында істеу үшін шикізат жетіспейтінін тілге тиек етті. Күніне 200 литрге жуық қана сүт өңделеді екен.
Бұдан соң облыс əкімі "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы ауқымында 3 млн. теңгеге керамзит блок тас дайындайтын цехқа барды. Шағын өндіріс орны былтыр 12 мың дана керамзит блок тас шығарған. Құрылыс материалын дайындаумен төрт-ақ жұмысшы айналысады. Цех иесі Қуаныш Шəріпқалиев əр тас 180 теңгеден саттыққа шығатынын əрі өтімді екенін айтты.
Облыс басшысы осы нысанда аудан кəсіпкелерімен кездесіп, олардың қолға алған жобаларына сəттілік тіледі. Сонымен қатар шағын жəне орта бизнес иелері ұсынған көрмемен танысты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале