1.09.2016, 17:29
Оқылды: 20

Сайқында сұлулық салоны ашылды

г-432 (1)Аудан орталығы Сайқында массаж SPA салоны ашылып, салтанатқа жиналғандар атынан аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы қожайындардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, тарту-таралғысын ұсынды.

Өз кезегінде массажист Анаргүл Дәулетова «Жұмыспен қамтудың жол картасы –2020»бағдарламасы негізінде несиеге қол жеткізіп, ісін ашуға жәрдемдескен кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен қуанышына ортақтаса келгендердің баршасына алғысын жаудырып, ішке енген көпшілікті құрылғылармен таныстырды. Массаж бөлмесінде орналасқан қос кереуеттің арнайы құрылғымен жабдықталғаны тапсырыс арқылы Мәскеу қаласынан әкелінген екен. Оның қызмет құны 2000 теңге. «Зейнеткерлерге жарты қақына, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін. Ал, қолмен жасалатын массаж үшін клиенттердің бергенін аламын» деген салон иесі Анаргүл Сатуқызы алғашқы қос клиенті Айтқаным Тасқалиева мен Мәншүк Темешеваға ақысыз қызмет көрсетті.

Г.Баделова

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz  

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале