28.10.2016, 16:52
Оқылды: 22

Сайқындық ару ІІІ вице-мисс атағын жеңіп алды

3%d0%b2%d0%b8%d1%86%d0%b5-%d0%bc%d0%b8%d1%81%d1%81     «Астана Аруы – 2016» байқауының жеңімпазы анықталды. Елорданың ең сұлу аруы атағын 18 жастағы Елназ Нұрсейітова жеңіп алды деп xабарлайды NUR.KZ. Байқауға 17 мен 23 жас аралығындағы 20 бойжеткен қатысқан. Бірінші кезеңде арулар өздерін таныстырса, екінші кезеңде қазақтың ұлттық киімімен жүріп өтіп, үшінші кезеңде нәзік жандылардың әртістік өнері бағаланды. Соңында арулар сахнаға кешкі көйлекпен шығып, залда отырған көрермендерді тамсандырды. Сонымен байқау қорытындысы бойынша, 18 жастағы Елназ Нұрсейітова Елорданың ең сұлу қызы деген атаққа лайық деп танылса, бірінші вице-мисс атағы Бегайым Жорабековаға бұйырды. Екінші вице-мисс атағын Екатерина Подгородецкая иеленсе, 17 нөмірде өнер көрсеткен көрікті жерлесіміз, Социалистік Еңбек Ері Ескендір Есімовтің шөбересі сайқындық Бибінұр Есімова үшінші вице-мисс атағын жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале