17.11.2016, 11:25
Оқылды: 20

Салмақты ұйымға мүше болу – үлкен жетістік

%d1%85%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%be%d0%b4%d0%b0%d2%9b1       Аудан әкімі М.Мұқаевтың төрағалығымен кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде жиын өтті.


Басқосуға «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Салықов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Т.Мерғалиев, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Даупаев, «Қазақстан салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Ақдаутов, БҚО кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, бас маман Қ.Серікқалиев, БҚО кәсіподақтар орталығының заңгері М.Жүсібалиева қатысты. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы:

  • Іссапарымның негізгі мақсаты – атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жөнінде хабарлау, сараптау. Қазіргі таңда ҚР Кәсіподақтар Федерациясы құрамында 18 ірі салалалы және 16 аймақтық кәсіподақ бар. Былтыр Астана қаласында өткен кәсіподақ мүшелерінің XXIV съезіне 22 мемлекет қызметкерлері қатысып, 2015-2020 жылдарға арналған реформаларды жаңғырту жөнінде стратегия қабылдадық. 162 ел біріккен халықаралық одақпен терезені тең ұстауды жоспарлап отырмыз. Мұндай салмақты ұйымға мүше болу – үлкен жетістік. Ол үшін тынбай жұмыс істеу қажет, - деді.

Одан соң аудан әкімдігі мен облыстық кәсіподақтар орталығы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш рәсімнен соң, аудандық «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Кукашев сөз сөйледі.

Жиын соңында қатысушылар өзара  пікір алмасты.

Аягөз Айбарқызы

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале