12.10.2016, 9:57
Оқылды: 25

Самбошылар қоржынында 1 күміс, 1 қола

%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%80%d0%b0%d1%85%d0%b0%d0%bd%d1%8c-%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%be1Көршілес Ресей Федерациясының Астрахань қаласында самбо күресінен 2002-2004, 2005-2006 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында ашық біріншілік оздырылып, оған Астрахань, Калмыкия Республикасы, Элиста қаласы, Калмыкия Республикасының Хошеут ауылы, Дагестан Республикасы, Махачкала қаласы, Волгоград, Красный Яр, Володарский ауылы және Қазақстанның Бөкей ордасы ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен барлығы 8 командада 140 тарта спортшы қатысты.

Ауданымыздан барған жеті тәрбиеленушінің екеуі жүлдегер атанып келді. 38 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Медет Махсот жарыс барысында Элиста, Красный Яр палуандарын тізе бүктіріп, үшінші белдесуінде астрахандық палуаннан 5:3 есебімен жеңіліп, жұбаныш белдесуінде дагестандық спортшыны  таза жеңіп қола медальды иеленді. 42 келіде сынға түскен Елдар Сатқанов Астрахан, Калмыкия, Волгоград спортшыларынан басым түсіп, финалдық белдесуде дагестандық спортшыдан 6:5 есебімен жеңіліп күміске қол жеткізді.

 

 

                                      Н.САРИЕВ,

 БЖСМ директорының

 оқу-ісі жөніндегі орынбасары

www.zhaikpress.kz     

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале