19.09.2016, 12:45
Оқылды: 23

Сарытоғайдан жеткен сый

%d1%81%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%82%d0%be%d0%b3%d0%b0%d0%b9Ақжайық ауданындағы Сарытоғай орта мектебінде Бақытжан  Тұрайсов жетекшілік ететін «Қолөнер» үйірмесінің оқушылары түрлі бөлме гүлдерін құнарлы  топыраққа өсіріп, баптап, мектеп ауласын, сыныптарды көріктендіруге зор үлес қосып келеді. Олар түрлі ағаштар да өсіреді.

Бақытжан  Құттығалиұлы үйірме мүшелерімен биылдың өзінде мектепте 50-ге жуық бөлме гүлін өсірді. Құмыраға салынған гүлдердің  25-ін еліміз  тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құрметіне Чапаевқа алып келіп, 5 мекемеге – «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына,  ішкі саясат, білім бөлімдеріне, ардагерлер кеңесіне, туризм және экология орталығына  сыйға тартты. Сыйға тартылған гүлдердің атауын, баптау әдісін түсірді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары  Айжан Нысанбаева Б.Тұрайысовқа «қолөнер» үйірмесіне қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.   Бақытжан Құттығалиұлы ауылда да зейнеткер ұстаздарға, мектеп қызметкерлеріне, мекемелерге сыйға әрдайым осындай сыйлық жасап жүргендерін әңгімеледі.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале