10.01.2015, 11:30
Оқылды: 24

Сарғайған газеттерді САҚТАП КЕЛІПТІ


 Екінші күні ауылдық округтердегі ардагерлерді аралаған аудан басшысы оларға да Елбасының құттықтауын жеткізді.


Сондай-ақ Санжар Жұматайұлы ардагерлердің дастарқанынан дәм татып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай атқарылып жатқан жұмыс-тарды тілге тиек етті. Ұрыс даласында етігімен қан кешкен майдангерлердің әңгімесін тыңдады.

Кездесу барысында бізді қызықтырғаны – ардагер Рахым Сүндет-баевтың «Правда» газетінің 1945 жылғы саны мен Зайнуллина Рабиға әженің үйіндегі 1943 жылы жарық көрген «Вечерняя Мос-ква» газеттері болды. Жетпіс жыл бұрынғы сонау сұрапылдан сыр шертетін үнпарақтарды қариялар осы уақытқа дейін сақтап келіпті. Ел басына зор қауіп төнген сол күндерде жақсылықтардың жаршысы болған ескі газеттер от кешкен жандар үшін өте ыстық көрінеді. Дастарқан басында да қолдан-қолға өткен қос газет қонақтардың көңілін тарих қойнауына сапар шектіріп қайтты.

Аллаға шүкір, ақсақалдар әлі тың екен. Келген қонақтармен қауқылдаса амандасып, өз кезегінде Жаңа жыл қарсаңында Елбасының қолға алған жаңа бастамасына рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді. Елдің аман-дығын тілеп, ақ баталарын берді.


 

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале