22.09.2016, 14:20
Оқылды: 16

Сауапты іс қолға алынды

%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%82            Аудан әкімі М.Мұқаевтың қабылдауында болған азаматтар Федоров ауылындағы мұсылмандар бейітінің айналасын қоршауды сұраған болатын.


Осы мәселе оңынан шешіліп, бүгінгі таңда бейіттер орналасқан қорымның жан-жағы қоршалуда. Аудан басшысының араласуымен қолға алынған сауапты істі құптаушылар өте көп. Қазір «ЭксКазСтрой» ЖШС жұмыстарды бастап кетті. Барлығы 1100 метр шақырымды қамту көзделген.

Көпке үлгі болар істі қолға алғасын оны сапалы етіп жасау қажет-ақ. Сол себепті барлық материалдар жоғары сапалы болып табылады. Ал аталмыш жұмыстарды қолға алған компания өкілдері ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жұмыстанамыз деп отыр.

Әділет Әлібек

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале