22.08.2016, 20:22
Оқылды: 19

Сахнада – Жұмағаным Сырымова

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына арналып Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта мәдениет саласының ардагері, әнші Жұмағаным Сырымованың шығармашылық кеші өтті.DSC_0090

Оның еңбек жолы кеңшарда механизаторлықтан басталған. Сол кезде халық әндерін тамаша орындайтын оның талантына ешкім шүбә келтірмеген еді. 1984 жылы ол аудандық Мәдениет үйі автоклубының меңгерушісі болды. Осыдан оның үлкен өнердегі жолы басталды. Аудан ауылдары өз алдына, облыс сахнасынан әуелеткен әндерімен Жұмағаным бірден-ақ көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ол сахнадан сәл көрінбей қалса, жұрт сағынып қалатын болды. Жылдар жүзінде ең бір сүйініштісі сол, ауданның мәдениет саласына сүбелі үлес қосып, бүгінде мәдени-демалыс орталығындағы үйірме жетекшісі секілді ауқымды қызметінде талай шәкірт тәрбиелегенін ақжайықтықтар аса мақтан тұтады. Шәкірттерінің арасында айталық, «Гүлдерайым» вокал үйірмесінің бұрынғы мүшелері Әсем мен Әсел Ақмурзиналар, ағайынды Мадияр мен Бақтияр Мұхамбетовтер, республикалық байқаулардың лауреаттары, Тасқала музыка мектебінің оқытушылары Мержан Есқалиев пен Азамат Жұмаев бар. Олар аталған кеште ұстаздарымен бірге және жекелей де ән орындап, сабақтастықтың сәнін, өнердің өшпес ажарын әйгіледі. Облыстық филармонияның әншісі Жаңылсын Хасанова апасының шығармашылық кеші құрметіне ән шырқады.

Ж.Сырымоваға аудан әкімі Әділ Жоламановтың естелік сыйлықтары табысталды.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале