16.11.2016, 11:40
Оқылды: 33

Сахнада ханымдар мен мырзалар

????????????????????????????????????

   Молшылық пен берекенің мезгілі болып саналатын күз мезгілі, расында да берекелі мерекеге толы.

Осындай атаулы оқиғалардың бірі Зеленов ауданында өткен «Ханым мен мырза -2016» байқауы.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Достық» мәдениет үйінің ұжымы биыл алғаш рет бұл байқауды аудандағы мекеме мен бөлім қызметкерлері арасында ұйымдастырды.


Бұл жолы қатысушылар таныстыру, ән, би, шаш және киім сән үлгісін ұсыну бойынша сынға түсіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Өнерлері бірі-бірінен өткен қатысушылар әр бөлімде өздерін жақсы қырынан көрсете білді.

Сайып келгенде М.Жармұханбетов пен Н.Тастайбек «Көрермен көзайымы», С.Нұржанов пен Г.Өтепбергенова «Өнерлі» жұп, С.Хайруллин мен А.Баландина «Ерекше» жұп, М.Кенжеғалиев пен А.Назарова «Тапқырлы» жұп, Ж.Әбдіқалықов пен В.Шаяхметова «Сәнді» жұп номинацияларына ие болды. Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының маманы М.Мұхтаров пен Переметный мектебінің ұстазы М.Сатанова «Ханым мен мырза – 2016» аталымын жеңіп алды.

Дана ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале