11.11.2016, 18:43
Оқылды: 18

Соттағы басқосу

%d1%81%d0%be%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%b3%d1%8b-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d0%ba%d0%be%d1%81%d1%831Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу фактілерінің көбейіп кетуіне байланысты кәсіпқой емес медиаторлар, әйелдер қоғамдық бірлестігі, ішкі істер бөлімі қызметкерлері және әлеуметтік педагогтар қатысымен аудандық сотта «дөңгелек үстел» болып өтті.

Аудандық соттың төрағасы Гүлжиһан Сағитова өткен жылы қаралған 134 азаматтық істің 29-ы, биылғы он айдағы 102 істің 23-і неке бұзу бағытын көздегеніне тоқталып, соңғы уақытта сотқа арыз берушілер арасында ер-азаматтардың да қалыс қалмай жатқанына қынжылыс білдірді. Әрі осынау фактілердің жыл сайын көбеймесе, азаймай тұрғанына көпшілік назарын аударды. Әшейінде көпке көтеріле қоймайтын отағалары шектен шыққан жағдайда ғана аудандық сот көмегіне жүгінері хақ. Бұл ойландырарлық жәйт.

Сонымен қатар басқосуда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әлима Топпасова неке қиюдың шарттары жөнінде түсінік берсе, кәсіпқой емес медиатор Ноқаш Қадымов, «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова, әлеуметтік педагогтар, өзге де дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Жалпы, бұл мәселе жайында толық мақаланы газетіміздің келесі санынан оқи аласыз.

Гүлнар Тасболатқызы

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале