26.10.2016, 11:47
Оқылды: 51

Социалистік Еңбек Ері Вардан Шноркович Чамчиянға ескерткіш мүсін қойылды

%d0%b2%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d1%87%d0%b0%d0%bc%d1%87%d0%b8%d1%8f%d0%bd1           Зеленов ауданы, Шалғай ауылында Еңбек ері, еңбек ардагері, ауданның «Құрметті азаматы»  Вардан Чамчиянның 100 жылдығы аталып өтілді.


1954 жылдың көктемінде теміржол бекетіне ауыл-шаруашылық техникасы, құрылыс материалдары тиелген керуен келіп тоқтады. Керуенмен бірге тың және тыңайған жерлерді игеруге бір топ жас мамандар келген еді. Солардың бірі - Вардан Шноркович. 1957 жылдан бастап Пермский (қазіргі Шалғай) совхозының басшылығына тағайындалып 22 жыл орнын суытпай ел үшін еңбек еткен болатын.

Алдымен Шалғай ауылындағы орталық саябақта ел азаматына арналып қойылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Шараға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, ауданымыздың еңбек ардагерлері, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері мен ауыл жұртшлығы қатысты. Ескерткіш мүсінді салтанатты ашу құрметі аудан басшысы Кәрім Жақыпов пен В.Чамчиянның ұлы Сергей Чамчиянға ұсынылды.

Бұдан басқа Сергей Чамчиян, «Матис» армян этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян сөз сөйлеп, аудан жұртшылығына ақ жарма алғыстарын жеткізді.

Кейін жалпақ жұртшылық ауылдық клубтағы «Еңбегімен ерекшеленген жан» кітап көрмесімен танысып, аудан өнерпаздарының «Ердің ерлігі – ел жадында» атты концерттік бағдарламасын тамашалады.

Концерт барысында еңбек ардагерлері М.Жұбандықов пен Ф.Яфаров, КазИИТУ кешенінің президенті А.Әйтімовтар сөз алып В.Чамчиян жайында әңгіме, естеліктерімен бөлісті.

Сазды кешке«Серілер» квинтеті, «Скифы» вокалды аспаптар ансамблі, Шалғай ауылдық «Рябинушка» вокалды тобы әннен шашу шашып, көрік бере түсті.

Динара Насыр

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале