4.11.2016, 11:15
Оқылды: 24

Спартакиада жалғасын табуда

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Жәнібек ауданы орталығындағы мекемелері арасында «Дені сау ұлт, саламатты Қазақстан» атты спартакиада жыл басынан бері жалғасын табуда. Осы шараға 12 командадан  6 команда қатысып, өздерін белсенді түрде көрсете білді. Спорттың 4 түрінен болған жарыс қорытындысында асық атудан жүлделі орындарды «Тұлпар», «Қайсар», «Батыс» командалары иеленді. Эстафеталық ойында алғашқы үш орынға «Тұлпар», «Бірлік»,  «Олимп» командалары шықты. Арқан тартудан  I орынды «Тұлпар», II орынды «Батыс», III орынды «Олимп» командалары еншіледі. Ал турникке тартылудан  I орын «Тұлпар», II орын «Факель», III орын «Олимп» командаларының қанжығасында кетті. Алдағы уақытта спорттың төрт түрінен өтетін  жарысқа барлық командалар толық құрамда қатысса, нұр үстіне нұр болар еді.

М.Сырымов

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале