26.08.2016, 17:45
Оқылды: 22

Спартакиада мәреге жетті

IMG_8678                Зеленов ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада мәреге жетті.


Екі күнге созылған намысты додадың жүлдегерлері мен жеңімпаздары анықталды. Әр округтен келген командалар волейбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, армреслинг, дойбы, эстафета, гір тасын көтеру, үстелі тенисінен сынға түскен еді.

Доданың жабылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов сайысқа қатысушыларды құттықтап, марапаттады.

Сонымен, командалық есепте  дарияндықтар ІІІ, Янайкин ауылы ІІ орынды еншілесе, Переметный командасы бірінші орынға ие болды.

Д.Дербісалы

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале