18.08.2016, 15:20
Оқылды: 23

Спорт мектебі жарап тұр!

Әлібек Бекетұлы

Ақтөбе қаласында  өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР спортшылар күніне орай өткізілген спорт мектептері арасындағы республикалық байқауда ауданымыздың балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Батыс аймағы бойынша «Үздік аудандық спорт мектебі» аталымын жеңіп алды.


 

Сонымен қатар, спорт мектебінің басшысы Әлібек Ақнажимов «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталып, аудан абыройын тағы бір мәрте арттырды.  Аталмыш жеңістердің легі бұнымен де толастамады. Ұлттық бизнес рейтинг Одағы ұйымдастырған қаржылық-экономикалық сараптама бойынша бюджетке салық немесе тағы басқа міндетті төлемдер түсіруде белсенділік танытқан спорт мектебі ұжымы республика көлемінде үздік танылды. Сондықтан ұжым Алматы қаласында өтетін халықаралық бизнес-конференцияға арнайы шақырту алды. Конференция жұмысына Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан секілді мемлекеттердің қаржылық есептерді жетік меңгерген өкілдері қатынасатынын ескерсек, облысымыздың беделі артатыны сөзсіз.

Әлібек Бекетұлы басқаратын ұжым балғындарды спортқа баулумен қатар, осындай жеңістер арқылы республика көлеміне танылып жүр. Таңдай қақтырар жетістіктерімен аудан атын әмбеге аян қылған спорт мектебінің алар асулары алда деп сенеміз.

 

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале