6.10.2016, 12:59
Оқылды: 27

Су мәселесі алаңдатады

img-20161005-wa0035Достық үйінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті мен «Теректі –Таза су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесті.


Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімі, ауданымыздың құрметті азаматттары, бөлім басшылары қатысты.

«Теректі – Таза су» ЖШС-нің директоры Ж.Каримов субсидияланған объектілердің тізіміне енбеген, әлі күнге дейін  1 текше метрге 676 теңге 70 тиын төлеп отырған7 округтің (Шағатай, Ақсоғым, Богданов, Приречный, Ақжайық, Аңқаты, Бозай) мәселесін министрлікке хат жолдау арқылы жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, кезінде бұл округ халқының құжаттары түгел болмаған. Соның кесірінен 40 теңгеден бірнеше есе артық төлеп отырған тұрғындар наразы көрінеді.

  • Бүгінде «Теректі – Таза су» ЖШС-нің суын 8555 адам тұтынады. Сонымен қатар 35-ке жуық ұйымдар мен кәсіпорындар да тізімімізді толықтырды. Қазіргі таңда жергілікті су құбырларының ұзындығы – 170 028 метр.Ағымдағы жылдың 14 шілдесінен 1 қазанына дейін өнеркәсіптер мен ұйымдарға 60234,03 текше метр су берілді. Сондай-ақ биыл Қабылтөбе, Ұзынкөл, Төңкеріс, Сарыөмір және Приречный ауылдарының су құбырларын ауыстырдық, - дейді «Теректі – Таза су» ЖШС-нің экономисті Оксана Аябова.

Шараға қатысқан ауыл тұрғындары көкейіндегі сұрақтарын қойды. Ауданымыздың Құрметті азаматтары - С.Кукашев пен А.Попов халықты сабырға шақырып, түйіні шешілмейтін мәселе болмайтынын, төзімділіктің арқасында бәріне қол жеткізетінімізді ескертті.

Гүлхан Аленова, Шағатай ауылының тұрғыны:Судың бағасы өте қымбат. Ай сайын 8000-9000 теңге, кейде одан да көп ақша төлейміз. Алдағы уақытта аудан орталығындағыдай 1 метр текшеге 40 теңгені біз, қалған шығынды мемлекет көтерсе деген арманымыз бар.

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале