10.10.2016, 10:09
Оқылды: 20

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

%d1%81%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%81-%d0%b6%d0%b5%d0%bc1             «Нұр Отан» партиясы Зеленов ауданыдық филиалы ғимаратында партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың  2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Қоғамдық Кеңестің және партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Кездесуге аудандық прокуратура, аудандық орталық аурухана, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ БҚО бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің аудандық бөлімі, Зеленов аудандық Әділет басқармасы, аудандық жер қатынастары бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі мамандары мен басшылары және комиссия мүшелері қатысты.

Шара барысында алғаш болып сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов мемлекеттік қызметшінің қандай болуы керектігі мен сыбайлас жемқорлықтың соңы неге апаратындығын түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың егжей-тегжейiне дейін айтып берді. Одан соң жиынға арнайы келген аудан прокурорының орынбасары Руслан Молдахметов сөз алып, соңғы 9 ай ішінде ауданда сыбайлас жемқорлық әрекеті анықталмағанынын тілге тиек етті. Дегенмен, бұл арқаны кеңге салатын жайт еместігін де айтқан прокурор орынбасары мемлекеттік қызметшілерге әлі де заң талаптарын терең зерделеп отыруға кеңес берді. Әрі қарай жоғарыда аталған мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметшілері сөз алып, аталған мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойныша қандай шаралар жүзеге асырылып жатырғандығы туралы мағлұматтар беріп өтті. Сондай-ақ жиын барысында кеңес мүшелері бөлім басшыларына сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс бұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта бұл жиын ішкі істер және білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өтпек.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале