20.07.2016, 17:26
Оқылды: 38

Сыбайлас жемқорлыққа ымырасыздық ахуал қалыптассын

сыбайлас жемқорлық20 шілде күні Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты семинар-кеңес  өтті.

 Семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова, аудандық бөлім, мекеме жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, бас мамандар қатысты.

Еліміздегі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды өрістету керек. Аталған семинар-кеңесте осыған байланысты істер кеңінен қамтылды.

Осы мәселеге бойынша аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Орынша Бақтығалиева баяндама жасады. Ол аталған кеселге қарсы сана қалыптастыру мақсатындағы істерге заман талабына сай серпіліс үстеу туралы әңгімеледі. Сонымен қатар Жамбыл ауылдық округінің әкімі Қайыржан Елешевтің хабарламасы тыңдалды.

Шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, «Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ БҚО филиалының төрағасы Төлеген Мерғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты облысымыздағы ауқымды істерге шолу жасап, қоғамдағы жемқорлық қатынастарға төзбеуге тиісті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің парызы туралы әңгімеледі.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале