9.11.2016, 10:53
Оқылды: 27

Сырымда жаяу жүргіншілер жолы салынуда

%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d1%8f%d1%83-%d0%b6%d2%af%d1%80%d0%b3%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%83-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d1%83          Биыл ауданда жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, мердігерлер іске кірісті.

Аудан тұрғындарымен кездесуде жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – аудан орталығынан жаяу жүргіншілерге арналған жол салу болатын. Аталмыш мәселе бүгінде өз шешімін табуда. Қазіргі таңда мердігер «Орал құрылыс» ЖШС Амангелді (508 метр), С.Датов (1 шақырым), Б.Қаратаев (620 метр), С.Сейфуллин (115 метр)  көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын бастап кетті. Ені 1,2 метрді ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25,6 миллион теңге қаражат бөлінген.

Мердігерлердің айтуынша қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 60 пайызы орындалған және 25 қарашаға дейін жөндеу жұмыстары аяқталады.

 

Үміт Ізтелеуқызы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале