19.11.2016, 23:37
Оқылды: 33

Сырым ауданында су қоймалары жөнделуде

 akim-sirim-kopir   Облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Сырым ауданында болды. Өңір басшысы ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылған бірқатар игі істің орындалу барысына өз бағасын берді.


         Облыс әкімі алдымен Сырым ауданына қарасты Шолақаңқаты ауылдық округіндегі Аңқаты өзені су қоймасының су өткізгіш жүйесі құрылысының жөнделу барысымен танысты. Шолақаңқаты ауылдық округі, Тоғанас ауылы маңында орналасқан су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бірнеше жыл техникалық күтім көрмеген су қоймасы соңғы жылдары толықтай істен шыққан. Ағымдағы жылы бөгетті жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, бөгетті қалпына келтіруге 103,3 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда су қоймасына 6,5 миллион текше метр су жиналып, ауыл іргесіндегі шабындықтар мен жайылымға көл суына қарық болмақ. Бөлінген қаражатқа орай мердігер компания бөгет құрылысын жөндеу жұмысын келер жылы жалғастырады.

         Бұдан соң өңір басшысы ауданның Қособа, Бұлан және Жымпиты ауылдық округтерінде орналасқан Өлеңті көлдетіп суармалы жүйесінің құрылыс учаскесіне барды. Бұл аймақтағы су өткізгіш бөгет 1935 жылы салынған. Бөгеттің жобалық-сметалық құжаттамасының құны – 108,7 миллион теңге. Ағымдағы жылы бюджеттен бөлінген 18 миллион теңге қаражат толығымен игерілген. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмысы келер жылы жүргізіледі.

         Ал, Қособа ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп те биыл күрделі жөндеуден өткен. 1983 жылыakim-sirim-mektep пайдалануға берілген білім ошағының жалпы аумағы 2573,8 шаршы метрді құрайды. Ғимараты жаңарып, жасанған мектепте күні бүгін 125 оқушы білім алуда.

         – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында атқарылған игі істердің барлығы Елбасының салихалы саясатының арқасында жүзеге асуда. Басты мақсатымыз – ауыл тұрмысына қолайлы, жайлы жағдай туғызу, әртүрлі құрылыс нысандарын сапалы жөндеу. Өңірімізде қолға алынған бастамалар келер жылы өз жалғасын табады, – деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале