21.07.2016, 17:10
Оқылды: 41

Сәбит бастаған сәтті іс

сәбитТеректі ауданындағы Ақсоғым ауылдық округінде кәсібімен нәсібін тауып, шаруасын дөңгелеткендер қатары аз емес. Солардың арасында «Әжекеев» шаруа қожалығы ұжымының шоқтығы биік.

Негізінен мал өсірумен айналысатын бұл шаруашылық  ұйымшылдығымен көзге түсіп келеді. Қысқы-жазғы орындардағы мекен-тұрақтарын сайлап алған. Тұрғын үй, қора-жайлары сайма-сай. Тіпті, күн сәулесінен қуат алатын электр батареялары да орнатылған. Осының барлығын өз қаражатымен істеді.

Төрт түліктің ішінен ірі қара, жылқы, қой өргізіп, оларды өз төлдері есебінен көбейтуде. Сонымен қатар, мұнда мал тұқымын асылдандыру ісі де назардан тыс қалып отырған жоқ. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке арналған мүмкіндікті осы іске асыруда. Субсидия алып, асыл тұқымды бұқа, қошқарлар сатып алды.

Шаруа қожалығының жетекшісі Сәбит Әжікеев бұл жылы тағы бір қосымша жұмысты қолға алды. Онысы – көкөніс өсіру. Бақша тамшылатып суару әдісімен суарылуда. Бұл іске ауыл ішінен екі адам тартылған.

Қазірде қожалық малы өрісте еркін жайылып, пішенші-механизаторлары қысқы мал азығы үшін табиғи жем-шөп қорын дайындау науқанын қыздыра түсуде.

Мұхамбет МЕРҒАЛИҰЛЫ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале