30.09.2016, 16:37
Оқылды: 28

Табиғат сақшыларының тамаша бір күні

%d1%82%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b3%d0%b0%d1%82-%d1%81%d0%b0%d0%ba%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b2Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде жылдың өткен кезеңінің қорытындылары шығарылды. Бұл жиылыс ең алдымен Егде адамдар күніне орай мекеменің ардагерлеріне құрмет көрсетумен басталды. Мемлекеттік мекеменің директоры Мәлік Мұхтар алдыңғы толқын өкілдері Владимир Липатов, Күлпәш Мұхтарова, Бақытқаным Сариева, Әлібек Бисенғалиев сынды тәлімгерлерге естелік сыйлық тапсырды. Ардагерлер құрметіне кең дастарқан жайылды, осында аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері және ұжымның өзінің көркемөнерпаздары ән әуелетіп, күй күмбірлетті.

Сондай-ақ еселі еңбегімен өнеге болып жүрген жұмысшы-қызметкерлер қошеметтелді.

%d1%82%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b3%d0%b0%d1%82-%d1%81%d0%b0%d0%ba%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b1Осы күні ұжым еліміз тәуелсіздігінің ширекғасырлық тойы құрметіне спорттың тоғыз түрінен, атап айтқанда, аяққа қап киіп секіру, доппен кедергілерден өту, дартс, гір тасын көтеру, арқан тартысу, қол күресі, допты нысанаға тигізу, басқа да сайыстарда сынға түсті. Мұнда жалпы командалық есепте мекеменің орталық бөлімі жеңіпаз танылып, ауыспалы кубокті жеңіп алды. ІІ орынды Чапаев орман шаруашылығы, ІІІ орынды Каленый орман шаруашылығының өкілдері иеленді.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале