22.11.2016, 10:50
Оқылды: 23

Тайпақтағы еркін күрес мерекесі

%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%bf%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%b5%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b5%d1%81-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%96             Тайпақ ауылында еркін күрестен белгілі спортшы-бапкер Жұмажан Ескендіровтың 60 жас мерейтойына арналып жасөспірімдер арасында ашық турнир ұйымдастырылды. Оған көршілес Атыраудан да балауса балуандар қатысты.

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев құттықтау сөз сөйлеп, мерейгерге аудан әкімі Әділ Жоламановтың Құттықтау хатын тапсырып, зерлі шапан кигізді.

Тайпақ округінің әкімі Боранбай Қыдырғужин, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғинолла Садыров Жұмажанның әйгілі самбошы балуан, төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, Чапаев және Тайпақ спорт мекемелерінің өкілдері және басқалар мерейгерді құттықтап, оған естелік сыйлықтар тапсырды.

Б.Қыдырғужин жақында тағы бір айтулы асуға қол жеткізген, яғни Болгария елінің астанасы Софья қаласында самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Тайпақ түлегі Ерболат Байбатыровқа «жеңісің үшін көрімдік» деп ақшалай сыйлық жасады.

Күрес додасы күткендегідей, тартымды өтті. Жұмажан,  Ерболат сынды алдыңғы толқынның ізін қуған ізбасарлар өсіп келе жатқанына көпшіліктің көзі жетті. Өз салмақ дәрежелері бойынша Берік Қайырғалиев (Тайпақ, 20 кг.) Бекбол Жексенғали (Атырау, 26 кг.), Алпамыс Қажи (Бударин, 29 кг.), Нұрлан Асқар (Атырау, 33 кг.), Ізбай Жанболат (Атырау, 38 кг.) І орын иеленді.

Спорт мерекесі қазақ күресінен (60 кг. салмақтан жоғары) “түйе палуан” атану үшін белдесулерге жалғасты. Мұнда Ришат Нұрланұлы І орын, Айбек Қосымбаев ІІ орын, Асылхан Сәлімұлы ІІІ орын (бәрі де Тайпақтан) алды.

Шараның ұйымшылдықпен өтуіне Тайпақ спорт мектебінің ұжымы мен спорт жанашыры, студенттер арасындағы (1994 жыл, Москва) доданың күміс жүлдегері, қазір «Озат» шаруа қожалығының иесі Марат Табылдиев белсенді демеушілік көрсетті.

 

Садық Саргелеков

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале