4.10.2016, 11:11
Оқылды: 19

Талдықорғанға жолдама

%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%ba%d0%be%d1%80%d0%b3%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b02016 жылдың 29 қыркүйек-2 қазан күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының  жастар арасындағы жекелей және жекелей-блиц чемпионаты өткізілді. Бұл жарысқа Жаңақала ауданының спорт мектебінің спортшылары қатынасты.

Байқау  нәтижесінде тоғызқұмалақтан аудандық жаттықтырушы Қ.Шаутеновтің оқушылары тағы да озып шығып, дүбірлі ой додасының жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 16 жас ұлдар арасында Маралбек Темірғали І орын және блиц түрінен ІІ орын жеңіп алса, 16 жас қыздар арасында Әлия Төрегелдиева І орын және блиц түрінен ІІІ орынды қанжығалады.  Сонай-ақ ағайынды Шынар Мұратова мен Жанар Мұратова ІІІ орынға тұрақтаса,  18 жас ұлдар арасында Шыңғыс ҚайратовІІ орын және блиц түрінен ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар Амангелді Сағынғалиев ІІІ орын, 20 жас ұлдар арасында Бексұлтан Халиоллин ІІІ орын, 20 жас қыздар арасында Аяжан Магзомова ІІ орын және блиц түрінен ІІІ орыннан көрінсе, Інжу Қайыржанова ІІІ орынды жеңіп алды. Сайысқа қатысқан Арту Абдуллин, Ахмет Нағимов, Әбілқайыр Ғабдрашит, Дәмилә Төлеген сынды ойыншылар да жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Бұйырса 4-11 қараша күндері  Талдықорған қаласында өткізілетін ел біріншілігіне жолдама алған 8 спортшымыз облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Н.ЕСЕТОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале