7.11.2016, 15:26
Оқылды: 24

Таловтағы тартысты турнир

iЖәнібек ауданындағы Талов ауылында еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  ерлер мен қыздар арасында волейболдан турнир өтіп, оған көршілес Борсы, Жақсыбай және Қамысты, Тау ауылдарының командалары қатысты. Турнир қорытындысында жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ауылдағы шаруа қожалықтары жетекшілерінің демеушілігімен қаржылай сыйақыға ие болды. Жарыста өрнекті ойындарымен көзге түскен таловтық учаскелік инспектор Д.Әбдірахманов «Үздік шабуылшы», борсылық фельдшерлік пункт меңгерушісі  М.Тарғынов «Үздік қорғаушы», сондай-ақ Талов ауылындағы Ғ.Сарыбаев атындағы мектептің 10 сынып оқушысы А.Жолдыбаев «Үздік байланыстырушы» аталымдарымен марапатталды.

                                                                                  Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале